Маңдайшаның бағасын анықтау үшін өлшемі мен жасау нұсқасын ескеру керек, ол жарықтандырғышпен немесе жарықтандарғышсыз, көлемді немесе көлемсіз болуы мүмкін және болашақ маңдайшаның мерзімін анықтап алу керек. Ең ыңғайлысы болашақ маңдайшаның дизайнын сызып алу, ол тапсырыс берушінің және қызметті атқарушының арасында түсіністікті орнатуға ықпал етеді. Сонымен қатар, дизайн мен визуализация Алматы қ. Архитектура бөлімінде мақұлдану үшін де керек болады.